УЭФА: Бүгін Чемпиондар лигасы және Еуропа лигасының жеребесі тартылады

АСТАНА. KAZINFORM – Бүгін УЕФА Чемпиондар лигасы мен Еуропа лигасы плей-офф сатысының жеребесі тартылады.

футбол
Фото: Pixabay

Чемпиондар лигасында 1/8 финалға «Ливерпуль» (Англия), «Барселона» (Испания), «Арсенал» (Англия), «Интер» (Италия), «Атлетико Мадрид» (Испания), «Байер» (Германия), «Лилль» (Франция) және «Астон Вилла» (Англия) командалары жолдама алды.

Сондай-ақ 1/16 финалда «Аталанта» (Италия), «Боруссия Дортмунд» (Германия), «Реал Мадрид» (Испания), «Бавария» (Германия), «Милан» (Италия), ПСВ (Нидерланд), ПСЖ (Франция), «Бенфика» (Португалия), «Монако» (Франция), «Брест» (Франция), «Фейеноорд» (Нидерланд), «Ювентус» (Италия), «Селтик» (Шотландия), «Манчестер Сити» (Англия), «Спортинг» (Португалия) и және «Брюгге» (Бельгия) шықты.

Жарыстың аталған сатысының жеребе тарту рәсімі қазақстандық уақытпен 16.00-де болады.

Сондай-ақ Еуропа лигасы плей-офф сатысына шыққан командалар анықталды

Топтық кезеңде алғашқы сегіз орынға ие болған командалар 1/8 финалға тікелей жолдама алды. Олардың қатарында «Лацио» (Италия), «Атлетик» (Испания), «Манчестер Юнайтед» (Англия), «Тоттенхэм» (Англия), «Айнтрахт» (Германия), «Лион» (Франция), «Олимпиакос» (Грекия) және «Глазго Рейнджерс» (Шотландия) бар.

Ал 1/16 финалға «Буде-Глимт» (Норвегия), «Андерлехт» (Бельгия), «Стяуа» (Румыния), «Аякс» (Нидерланды), «Реал Сосьедад» (Испания), «Галатасарай» (Түркия), «Рома» (Италия), «Виктория» (Чехия), «Ференцварош» (Венгрия), «Порту» (Португалия), АЗ (Нидерланд), «Мидтьюлланд» (Дания), «Унион» (Бельгия), ПАОК (Грекия), «Твенте» (Нидерланды) эжәне «Фенербахче» (Түркия) шықты.

Жеребе тарту рәсімі қазақстандық уақытпен 16:00-ге белгіленген.

Айта кетсек, Чемпиондар лигасында рекордтық нәтиже тіркелді. Аталған турнирдің жалпы кезеңінің 8-турында 18 матчта 64 гол соғылды.

 

Соңғы жаңалықтар