UEFA финалы: Бүгін «Тоттенхэм» мен «Манчестер Юнайтед» кездеседі

АСТАНА. KAZINFORM — 2024/2025 жылғы UEFA Еуропа лигасының шешуші ойыны бүгін өтеді. Финалда Англияның екі алпауыты — «Тоттенхэм» мен «Манчестер Юнайтед» клубтары күш сынасады, деп жазады Report.

UEFA финал: Бүгін «Тоттенхэм» мен «Манчестер Юнайтед» кездеседі
Фото: Report

Матч Испанияның Бильбао қаласындағы «Сан-Мамес» стадионында өтеді. Кездесу Қазақстан уақыты бойынша түнгі 01:00–де басталады. Ойынға германиялық төреші Феликс Цвайер қазылық етеді.

«Тоттенхэм» бұл турнирде бұған дейін екі рет (1972, 1984) жеңіске жеткен.

Ал «Манчестер Юнайтед» Еуропа лигасының кубогын бір рет, 2016/2017 жылғы маусымда иеленген.

Турнир тарихындағы ең көп чемпион атанған команда — Испанияның «Севилья» клубы. Ол бұл жарыста жеті мәрте топ жарған.

Турнир тарихындағы үздік сұрмерген — Швеция құрамасының бұрынғы жартылай қорғаушысы Хенрик Ларссон. Оның еншісінде 40 гол бар.

Өткен маусымда бұл турнирде Италияның «Аталанта» клубы жеңіске жеткен болатын.

Айта кетейік, бұған дейін хоккейден әлем чемпионатында ширек финалға шыққан құрамалар анықталғанын жаздық.

Соңғы жаңалықтар