UEFA Конференция лигасы: «Астана» жарыс жолынан шығып қалды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - UEFA Конференция лигасы үшінші іріктеу сатысында қазақстандық «Астана» Финляндияның КуПС командасына жол берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Еске салсақ, екі команда арасындағы алғашқы кездесу 1:1 есебімен аяқталған.

Бүгінгі кездесуде екі команданың бірі жеңіске жетуі тиіс болатын. Тең есеп жеңімпазды анықтай алмаушы еді.

Осылайша екі команда да бірден алға ұмтылды. Бірінші кезеңде «Астана» сапынан Тигран Барсегян 4, Абат Айымбетов 41-минуттарда мергендік танытты. Нәтижесінде елордалық клуб қарсыласынан 2:0 есебімен басым түскен еді.

Екінші кезеңде КуПС сапынан Ранжел 53-минутта есеп айырмасын қысқартты. Ал 61, 74-минуттарда Ранжел қос голдың авторы атанып, таразы басын теңестіріп кетті.

Ойынның 77-минутта финляндиялық клуб сапынан Янис Икаунекс өзінің командасын алға шығарды. Осылайша «Астана» қарсыласынан 3:4 есебімен жеңіліп, жарыс жолынан шығып қалды.

Сондай-ақ, бүгін аталған турнирде Қостанайдың «Тобылы» сырт алаңда Словакияның «Жилина» командасымен кездеседі.

Ал Қарағандының «Шахтері» Украинаның «Колос» командасын орта жолда қалдырып кетті.

Ал Еуропа лигасында Алматының «Қайраты» сырт алаңда Арменияның «Аслашкертімен» шеберлік байқасады.


Соңғы жаңалықтар