UEFA Конференция лигасы: «Шахтер» израильдік клубқа жол берді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстандық «Шахтер» UEFA Конференция лигасы топтық кезеңіне жолдама алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

UEFA Конференция лигасы: «Шахтер» израильдік клубқа жол берді

«Шахтер» бүгін сырт алаңда Израильдің «Маккаби Тель-Авив» клубымен кездесті.

Екі команда арасындағы алғашқы кездесуде қарағандылық клуб қарсыласынан 1:2 есебімен жеңіліп қалды.

Бүгінгі кездесуде израильдік клуб сапынан Идан Начмиас 18, Дан Глазер 40-минутта мергендік танытты. Бұдан кейін таблодағы есепке өзгеріс енген жоқ.

«Шахтер» қарсыласынан 0:2 есебімен жеңілді. Топтық кезеңге израильдік клуб жолдама алды.

Еске салсақ, Конференция кубогында бұдан бұрын «Шахтер» Румынияның ФКСБ ( бұрынғы атауы «Стяуа») (0:1, 2:1, пенальтиден 5:3) және Украинаның «Колосын» (0:0,0:0, пенальтиден 3:1) орта жолда қалдырып кетті.

Айта кетейік, бүгін Алматының «Қайраты» UEFA Конференция лигасы топтық кезеңіне жолдама алды.

Сондай-ақ, UEFA Конференция лигасында елордалық «Астана» және қостанайлық «Тобыл» командалары сынға түскен еді. Олар үшінші іріктеу сатысынан аса алған жоқ.