УЕФА Конференциялар лигасының финалы Қазақстанда өтуі мүмкін
АСТАНА. KAZINFORM – Еуропалық футбол қауымдастықтары одағы (УЕФА) Қазақстаннан 2028 және 2029 жылдары Конференциялар лигасының финалын өткізуге қызығушылық білдірген өтінімді қабылдағанын растады.
– УЕФА 2028 және 2029 жылдары Чемпиондар лигасы, Еуропа лигасы, Конференциялар лигасы және Әйелдер чемпиондар лигасының финалдарын өткізуге қызығушылық білдірген 15 ұлттық қауымдастықтан өтінім түскенін растайды. Бұл өтінімдер міндетті сипатқа ие емес, ал толық ұсыныстар өтінім құжаттарымен бірге 2026 жылдың 10 маусымына дейін тапсырылуы тиіс, – деп түсіндірді ұйымнан.
УЕФА атқару комитетінің мәліметінше, сегіз финалдың өтетін жері 2026 жылдың қыркүйегінде анықталады.
– 2028 және 2029 жылдардағы клубтық турнирлер финалдарын өткізуге өтінім беру рәсімі 11 шілдеде басталды. Ұлттық қауымдастықтар 2025 жылдың 22 қазанына дейін қызығушылығын білдіруі қажет болды, – деп толықтырды ұйым.
Қызығушылық білдірген елдер тізімі:
УЕФА Чемпиондар лигасының финалы
2028 жыл
Германия: Мюнхен, «Арена Мюнхен»
2029 жыл
Англия: Лондон, «Уэмбли» стадионы
Испания: Барселона, «Камп Ноу»
УЕФА Еуропа лигасының финалы
2028 жыл
Франция: Лион-Десен, «Парк Олимпик Лион» немесе Париж, «Парк де Пренс» (қала мен стадион өтінім берген кезде нақты анықталады)
Италия: Турин, «Ювентус Стэдиум»
Румыния: Бухарест, «Арена Националэ»
Сербия: Белград, «Национальный»
2029 жыл
Франция: Лион-Десен, «Парк Олимпик Лион» немесе Париж, «Парк де Пренс»
Италия: Турин, «Ювентус Стэдиум»
Румыния: Бухарест, «Арена Националэ»
Сербия: Белград, «Национальный»
Түркия: Анкара, «Анкара Ондокуз Майыс»
УЕФА Конференциялар лигасының финалы
2028 жыл
Франция: Лилль, «Пьер Моруа»
Венгрия: Будапешт, «Пушкаш Арена»
Италия: Турин, «Ювентус Стэдиум»
Қазақстан: Астана, «Астана Арена» немесе Алматы, «Алматы Арена» (қала мен стадион өтінім кезінде нақтыланады)
Польша: Гданьск, «Арена Гданьск»
2029 жыл
Финляндия: Хельсинки, «Олимпиястадион»
Франция: Лилль, «Пьер Моруа»
Венгрия: Будапешт, «Пушкаш Арена»
Италия: Турин, «Ювентус Стэдиум»
Қазақстан: Астана, «Астана Арена» немесе Алматы, «Алматы Арена»
Польша: Гданьск, «Арена Гданьск»
Әйелдер арасындағы УЕФА Чемпиондар лигасының финалы
2028 жыл
Франция: Лион-Десен, «Парк Олимпик Лион»
Испания: Бильбао, «Сан-Мамес»
Швейцария: Базель, «Санкт-Якоб Парк»
Түркия: Стамбул, «Али Сами Йен»
2029 жыл
Франция: Лион-Десен, «Парк Олимпик Лион»
Ирландия: Дублин, «Дублин Арена»
Швейцария: Базель, «Санкт-Якоб Парк»
Уэльс: Кардифф, «Национальный стадион Уэльса»
Бұған дейін Еуропалық футбол қауымдастықтары одағы әлем және Еуропа чемпионаттарына іріктеу тәртібін өзгертуді көздеп отырғанын жазғанбыз.