UFC экс-чемпионы Шавкат Рахмоновты жекпе-жекке шақырды
АСТАНА. KAZINFORM — Бұрынғы UFC чемпионы Генри Сехудо жартылай орта салмақтағы титулға басты үміткер атағы үшін жекпе-жек ұйымдастыруды ұсынды, деп хабарлайды Sports.kz.

Сехудо қазақстандық Шавкат Рахмонов америкалық Шон Брэдимен кездесуі керек деп санайды. Бұл туралы ол Х әлеуметтік желісінде жазды. Оның сөзінше, бұл жекпе-жек болашақ чемпиондық белбеуге үміткерді анықтайды.
Бұған дейін UFC басшысы Дана Уайт қазіргі чемпион Белал Мұхаммед пен Джек Делла Маддалена арасындағы жекпе-жекті туралы жария етті. Ол Рахмоновтың басты үміткер болып қала беретінін және ол келесі атаққа таласуға мүмкіндік алатынын атап өтті.
Осыған дейін Ислам Махачев Шавкат Рахмоновқа қарсылас атануы мүмкін екені айтылған еді.
Бұдан бөлек, Шавкат Рахмонов UFC рейтингінде ресми түрде көтерілгені анықталды.