Уильям Уэбстер: АҚШ барлау тарихындағы бірегей тұлға қайтыс болды

АСТАНА. KAZINFORM — АҚШ-та Федералдық тергеу бюросы мен Орталық барлау басқармасын бір мезгілде басқарған жалғыз адам — Уильям Уэбстер 101 жасында қайтыс болды.

Ушел из жизни единственный человек, руководивший ФБР и ЦРУ одновременно
Фото: ФБР

АҚШ-та 101 жасында Уильям Уэбстер дүниеден өтті. Ол АҚШ тарихында Федералдық тергеу бюросы (ФТБ) мен Орталық барлау басқармасын (ОББ) бір мезгілде басқарған жалғыз адам болған.

ФТБ сайтындағы мәліметке сәйкес, Уэбстер өзінің өмірін 60 жылдан астам уақыт бойы елге қызмет етуге арнаған.

— Ол өз ісіне адал болды, өмірін елге қызмет етуге арнады. Екінші дүниежүзілік соғыс пен Корея соғысы кезінде Әскери-теңіз күштерінде қызмет еткен, кейін федералды судья, ФТБ мен ОББ директоры болды, — делінген хабарламада.

Уильям Уэбстер — АҚШ-тың ұлттық қауіпсіздік саласына елеулі үлес қосқан тұлға.

Бұған дейін Мьянма президентінің міндетін атқарушы Мьин Шве қайтыс болғанын жазғанбыз.

Соңғы жаңалықтар