Үкімет басшысы Ақтөбеде ұяшықты бетоннан жасалған өнімдер шығаратын зауыттың ашылуына қатысты

Бұл жоба құрылыс материалдары өнеркәсібін дамытудың аймақтық бағдарламасы аясында жүзеге асырылып, «Қазақстанның инвестициялық қоры» акционерлік қоғамы мен «Қазақстанның Даму банкі» акционерлік қоғамының қаржыларының есебінен жүзеге асырылып отыр.
Зауытта германиялық «Маза-хенке» технологиясы бойынша 30-дан астам өнім түрі шығарылады. Қазіргі таңда зауыттың жылдық қуаты 170 мың шаршы метрді құрап отыр. Келешекте бұл көрсеткішті 250 мың текшеметрге жеткізу жоспарлануда. Жобаны жүзеге асырудың нәтижесінде 230-дан астам жұмыс орны құрылып отыр.
Үкімет басшысына зауыт қабырғасында сондай-ақ, Ақтөбе облысы құрылыс индустриясының көрмесі таныстырылды. Көрмеге инновациялық технологиялар бойынша өнімдер шығаратын құрылыс индустриясы саласының 12 ірі кәсіпорны қатысуда.