Үкіметтің жұмыс тобы Ақтөбедегі оқшаулау орындарының дайындығын тексерді

Үкімет делегациясының мүшелері Ақтөбе облыстық жұқпалы клиникалық ауруханасында болды. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әсет Қалиев Үкімет өкілін коронавирусқа қатысты қабылданып жатқан шаралармен таныстырды.
«Ақтөбе облысында жағдай тұрақты. 12 наурыздан бастап ҚХР, Иран, Оңтүстік Корея, Италиядан келгендер осы мақсаттар үшін жеке бөлінген медициналық мекемеге 14 күнге, Франциядан, Германиядан, Испаниядан 14 күндік үй карантиніне оқшауланады», - деді Әсет Қалиев.
Өңірде бірнеше аурухана іші арнайы жасақталды. Мекеме қажетті дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етіліп, медицина қызметкерлері арнайы біліктігігін арттырды. Дәрі - дәрмек қоры құрылды, дәрігерлер жеке қорғаныс құралдарымен қамтамасыз етілді.
Сондай-ақ, бөлшек дәріхана желісінде бетперде жетіспеушілігі проблемалары бар. «Фарм» ТК күн сайын 4 мың маска шығарады. Шикізаттың бағасы қымбаттауына байланысты 30 теңге тұратын маска енді 80-100 теңгеден сатылады.
Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов клиникалық ауруха ішін аралап, жағдаймен толық танысты. Облыс басшысына жағдайды қалыпты ұстап, тұрғындар арасында түсіндіру шараларын күшейтуді тапсырды.