ҰҚК Алматыда жасырын есірткі зертханасын анықтап, жолын кесті

АЛМАТЫ. KAZINFORM — Осы жылдың 8 қарашасында ҰҚК Алматы қаласы бойынша департаменті прокуратура органдарының үйлестіруімен синтетикалық есірткі өндірісіне қатысты жасырын зертхананың әрекетінің жолын кесті.

есірткі
Фото: ҰҚК

Психотроптық затты дайындау кезінде Қазақстан азаматы ұсталып, сот санкциясымен қамауға алынған.

«Тінту барысында 7 кг астам дайын және 30 литр „мефедрон“ сұйық психотроптық заты, сондай-ақ зертханалық жабдықтар мен есірткі дайындауға арналған прекурсорлар алынды.

Бұл факті бойынша Қылмыстық кодекстің 297-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде», — деп жазды ҰҚК баспасөз қызметінен.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Айта кетейік, бұған дейін Қызылорда облысында есірткі өсірумен айналысқан 3 фитозертхана жойылған болатын.

Соңғы жаңалықтар