ҰҚК аса ірі көлемде есірткі саудалаған қылмыстық топтың жолын кесті

АСТАНА. KAZINFORM – Биылғы қыркүйек айында ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің (ҰҚК) Жамбыл облысы бойынша департаменті прокуратура органдарының үйлестіруімен есірткіні аса ірі көлемде тасымалдады және сатты деген күдікпен екі есірткі тобының әрекетінің жолын кесті.

есірткі
Фото: ҚР ҰҚК баспасөз қызметі

Бұл туралы ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі мәлім етті.

Сонымен, Шу және Меркі аудандарында шамамен 102 кг марихуана мен 3 кг-ға жуық синтетикалық есірткіні өткізу әрекеті кезінде Қазақстан Республикасының 3 азаматы ұсталып, соттың санкциясымен қамауға алынды.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 297-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Атырауда тағы бір күдіктіден 200 доза синтетикалық есірткі тәркіленгенін хабарладық.

 

Соңғы жаңалықтар