ҰҚК: Дрондар туралы жағдайға түсінік берді
АСТАНА. KAZINFORM — Мәжіліс кулуарында ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары Ерлан Алдажұманов батыс өңірде дрондардың құлау фактілеріне қатысты пікір білдірді.
Оның айтуынша, жердегі шекара қызметін атқаратын шекаралық жасақтар жоғары биіктікте ұшатын дрондарды анықтай алмайды.
— «Мемлекеттік шекара туралы» заңға сәйкес, әуе кеңістігінде шекараны күзету міндеті Әуе қорғанысы күштеріне жүктелген. Ал біз визуалды түрде байқайтын дрондар бойынша тиісті ақпаратты құзырлы органдарға жолдаймыз, — деді ол.
Бұған дейін еліміздің батысында дрондар құлауына байланысты арнайы комиссия құрылғанын жазғанбыз.