ҰҚК қару жасайтын төрт жасырын цехты жойды

АСТАНА. KAZINFORM – ҰҚК өкілдері арнайы операция барысында қарудың қайта айналымының 7 арнасы, сатудың 7 ішкі арнасы және оны жасайтын жасырын 4 цехты жойды.

қару-жарақ
Фото: ҚР ҰҚК баспасөз қызметі

Бұл туралы ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметінен мәлім болды.

Баспаөз қызметінің мәліметтеріне қарағанда, 2024 жылы Ұлттық қауіпсіздік комитеті полиция және прокуратура органдарымен бірлесіп, қару-жарақтарды, оның ішінде «қаңтар оқиғалары» кезінде ұрланғандарды іздеу және заңсыз айналымнан алу бойынша бірқатар жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізді.

Осы операциялар кезінде 58 Калашников автоматы, 283 мылтық, 164 тапанша, 115 граната және әртүрлі калибрдегі 15 мыңнан астам оқ-дәрі тәркіленді.

Қарудың заңсыз айналымына қарсы күрес бойынша іс-шаралар жалғасуда.

ҰҚК полициямен бірлесіп, аса қауіпті 19 ұйымдасқан қылмыстық топтың әрекетін тоқтатты.

 

Соңғы жаңалықтар