ҰҚК: Маусымда шекара бұзған 5 мыңнан астам адам ұсталды

АСТАНА. KAZINFORM — ҰҚК Шекара қызметі 2025 жылғы маусым айындағы іс-қимыл нәтижелері туралы мәлімдеді.

КНБ РК ҚР ҰҚК
Фото: Мухтор Холдорбеков/ Kazinform

ҰҚК Шекара қызметі Мемлекеттік шекараны күзету мен қорғауды қамтамасыз ету аясында 2025 жылғы маусымда құзырлы органдармен өзара әрекеттесе отырып:

Шекара кеңістігінде Қазақстан Республикасының заңнамаларын бұзған 5 359 адам ұсталды, соның ішінде 4 696 шетел азаматтары.

Мемлекеттік шекара арқылы 1 569 заңсыз алып өту фактілерінің алды алынды, соның ішінде:

62 — қарулар мен оқ-дәрілер;
22 — діни әдебиет (346 дана);
470 — жалпы сомасы 6,8 млн теңгеден асатын жанар-жағармай материалдары;
837 — жалпы сомасы 2,8 млрд теңгеден астам халық тұтыну тауарлары;
178 — жалпы сомасы 1,5 млрд теңгеден астам шетел валютасы.

Каспий акваториясында 58 браконьерлік фактілерінің алды алынды, сондай-ақ:

25 дана жүзу құралдары, жалпы ұзындығы 20 км аса торды құрайтын браконьерлік аулау құралдары, алды алынған залал сомасы шамамен 34 млн теңге.

— Бұл фактілер бойынша материалдар бұзушыларды жауапкершілікке тарту үшін құқық қорғау және сот органдарына жіберілді. Мемлекеттік шекарада қандай да бір шектеу шаралары енгізілген жоқ, өткізу пункттері штаттық режимде жұмыс істеп жатыр, — делінген ҰҚК баспасөз қызметі хабарламасында.

Айта кетелік Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетіне қосу арқылы Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) қайта ұйымдастырылады

Соңғы жаңалықтар