ҰҚК Өскемен тұрғынын ұрлап, өлтіріп кеткен күдіктіні ұстады

АСТАНА. KAZINFORM - Биыл 14 шілдеде Ұлттық қауіпсіздік комитеті Алматы қаласы полиция департаментімен бірлесіп, 2025 жылы мамырда Өскемен қаласының тұрғынын ұрлап өлтірген, күдікті топтың екі мүшесін ұстау бойынша операция жүргізді.

ҰҚК Өскемен тұрғынын ұрлап, өлтіріп кеткен күдіктіні ұстады
Фото: ҚР ҰҚК

ҚР Ұлттық қауіпсіздік комиеті баспасөз қызметінің хабарлауынша, аталған адамдар 2025 жылдың маусымынан бері іздеуде болған. Оларға қатысты екі айға қамауға алу бұлтартпау шарасы тағайындалды. Олар уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Сондай-ақ іздестіріліп жатқан адамдарды қасақана жасырып жүрген Алматы қаласының тұрғынын қылмыстық жауапкершілікке тарту мәселесі де шешіліп жатыр.

ҰҚК Өскемен тұрғынын ұрлап, өлтіріп кеткен күдіктіні ұстады
Фото: ҚР ҰҚК

- Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды. Қылмыстық кодекстің 432-бабына сәйкес, қылмыс пен қылмыскерлерді жасырғаны үшін жауапкершілік қарастырылғанын еске саламыз, - делінген ҰҚК баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Осыған дейін Ұлттық қауіпсіздік комитеті атынан әрекет ететін адамдардың алаяқтық фактілері жиі тіркеліп жатқаны туралы жаздық.

 

Соңғы жаңалықтар