ҰҚК темекі бұйымдарының ірі партиясын заңсыз өткізбек болғандардың жолын кесті

АСТАНА. KAZINFORM — Жамбыл облысында темекі бұйымдарын заңсыз алып өтпек болғандар қолға түсті. Бұл туралы ҰҚК баспасөз қызметі мәлім етті. 

ҰҚК шекарадан темекі бұйымдарының ірі партиясын заңсыз өткізбек болғандардың жолын кесті
Фото: ҚР ҰҚК

— 2025 жылдың тамызында ҰҚК Шекара қызметі Жамбыл облысы бойынша департаментімен темекі бұйымдарының ірі партиясын өткізу пунктінен тыс жерде Мемлекеттік шекара арқылы заңсыз алып өту әрекеті тоқтатылды, — делінген хабарламада.

Комитеттің мәліметінше, алдын ала бағалау бойынша құны 146 млн теңгеден асатын 325 500 қорап темекі тәркіленген.  Ұсталған адамдар мен тәркіленген тауар әрі қарай қарау үшін тиісті органдарға берілді.

Соңғы жаңалықтар