Үкімет әлеуметтік маңызы бар азық-түлік құнын реттеуден бас тартуы мүмкін бе

Сауда және интеграция министрі Арман Шакқалиев әлеуметтік маңызы бар азық-түлік құнын реттеуден біртіндеп бас тарту ұсынысына қатысты түсінік берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

Үкімет әлеуметтік маңызы бар азық-түлік құнын реттеуден бас тартуы мүмкін бе
Фото: ҚазАқпарат ХАА

«Біз нарықтық экономикада жағдайында өмір сүріп жатырмыз. Сәйкесінше мұнда сұраныс пен ұсыныс маңызды. Сондықтан нарықтық экономикада қосымша реттеу тетіктері қажет. Тұрақтандыру қорларында жалпы айналымдағы тауардың 5-7% сақталады. Ол қысқа мерзімге ғана жетеді. Жүйелі жұмыс үшін біз халықтың осал топтары бар екенін басты назарда ұстауымыз керек. Олардың арзан өнім алуына мүмкіндік жасау қажет. Біз осы бағытта жұмыс істеп жатырмыз», - деп мәлім етті Арман Шаққалиев БАҚ өкілдерінің қатысуымен өткен баспасөз маслихатында.

Оның айтуынша, тауар балансына талдау жасау арқылы еліміздің қандай өнімдер бойынша импортқа тәуелділігі бар екенін анықтау қажет.

Қоса кетсек, осы брифингіде сөз алған Сауда комитетінің төрағасы Айдар Әбілдабеков кейбір өңірлердегі кәсіпкерлер бидайды қымбат бағамен сатып жатқанын айтты. Оның дерегіне сай, Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі астық құнын негізсіз көтергендерге тергеу жүргізеді.

Соңғы жаңалықтар