Үкімет өнімді бөлу жөніндегі келісімдерде елімізге тиімді келіссөздерді жандандыруы қажет — Президент

АСТАНА. KAZINFORM — Қомақты инвестициялар ұзақмерзімді жоспарлауды талап етеді. Бұл туралы Үкіметтің кеңейтілген отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мәлім етті.

Үкіметте қысқы IX Азия ойындарына дайындық шаралары қаралды
Фото: ҚР Үкіметі

— Ірі кен орындарының өнімін бөлу жөніндегі келісімді іске асыру нәтижесінде Қазақстан жаһандық нарыққа қуат көзін сенімді жеткізушіге айналды. Бұл жобалар еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына айтарлықтай үлес қосады. Сонымен қатар қомақты инвестициялар ұзақмерзімді жоспарлауды талап етеді. Сондықтан Үкімет өнімді бөлу жөніндегі келісімдерді елімізге анағұрлым тиімді әрі жаңа шарттармен ұзарту үшін келіссөздерді жандандыруы қажет, — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы басталды.

Мемлекет басшысы 2024 жылды еліміз оң көрсеткіштермен аяқтағанын айтты

Сонымен қатар Президенттің сөзінше, Үкімет келешегі зор әрбір орта кәсіпорынның жұмыс жоспарын әзірлейді.

Соңғы жаңалықтар