Үкімет жергілікті зауыттармен офтейк-келісім арқылы құрал-жабдық өндірісін жолға қояды

АСТАНА. KAZINFORM — Үкімет жергілікті зауыттармен офтейк-келісім жасау арқылы құрал-жабдық өндірісін жолға қоюға тиіс. Бұл туралы Үкіметтің кеңейтілген отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мәлім етті.

зауыт
Фото: Ақорда

— Былтыр энергетикалық және коммуналдық инфрақұрылымды жаңғыртуға арналған ұлттық жоба қабылданды. Бұл жоба аясында өнеркәсіп саласын дамыту үшін жаңа өнімдер шығару да қолға алынбақ. Отандық кәсіпорындар негізгі сұраныстың 40 пайызын ғана өтей алады. Үкімет жергілікті зауыттармен офтейк-келісім жасау арқылы құрал-жабдық өндірісін жолға қоюға тиіс, — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы басталды.

Мемлекет басшысы 2024 жылды еліміз оң көрсеткіштермен аяқтағанын айтты

Сондай-ақ Президент Үкімет өнімді бөлу жөніндегі келісімдерде елімізге тиімді келіссөздерді жандандыруы қажет екенін айтып өтті.

Соңғы жаңалықтар