Украина бойынша үшжақты келіссөздер Женевада басталды

АСТАНА. KAZINFORM – Женева қаласында Ресей, АҚШ және Украина қатысуымен украин қақтығысын реттеу жөніндегі келіссөздер өтіп жатыр, деп хабарлайды Kazinform агенттігі. 

Украина бойынша үшжақты келіссөздер Женевада басталды
Фото: Anadolu

РФ президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песковтің мәліметінше, кездесу жабық форматта, яғни БАҚ өкілдерінсіз өтеді.

Ол сондай-ақ «бүгін қандай да бір жаңалық күтудің қажеті жоқ» екенін атап өтті. Себебі келіссөздер 18 ақпанда жалғасады деп жоспарланған.

ТАСС агенттігіне дереккөздің хабарлауынша, Женевадағы үшжақты келіссөздер кемінде бес бағыт бойынша өтеді.

— Бұл ең алдымен аумақтық, әскери, саяси, сондай-ақ экономикалық мәселелер және қауіпсіздіктің түрлі аспектілері, — деді агенттік сұхбаттасушысы.

Еске салайық, Украина бойынша үшжақты келіссөздердің алдыңғы раунды ақпан айының басында Абу-Даби қаласында өткен болатын.

Ресей, Украина және АҚШ арасындағы консультациялардың екінші күні тараптар 314 тұтқынды айырбастау туралы келісімге келген еді

Соңғы жаңалықтар
Референдум