Ұландықтар алғашқылардың бірі болып дауыс берді

АСТАНА. KAZINFORM – Бүгін елімізде атом электр станциясының құрылысына қатысты республикалық референдум өтіп жатыр. Ұлттық ұланның әскери қызметшілері мемлекеттің болашағына байланысты осы маңызды саяси оқиғадан тыс қалмады. Олар елдегі алғашқылардың бірі болып дауыс беруге кірісті. Бұл туралы ҚР ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметі мәлім етті. 

Ұлттық ұлан
Фото: ҚР ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметі

АЭС құрылысы бойынша референдумда бірінші болып ҚР ІІМ Ұлттық ұланының әскери қызметшілері өз таңдауын жасады. Референдум бойынша учаскелер сағат 06:00-де ашылды. Бұл осы учаскелердегі жұмыс пен қызметтің ерекше тәртібіне байланысты.

Ұлттық ұлан
Фото: ҚР ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметі

Атап айтқанда, 5573 және 6505 әскери бөлімдерінде референдумға 2000-ға жуық әскери қызметші қатысты. Дауыс беру учаскелерінде дауыс берушілердің лайықты таңдау жасауына барлық жағдай жасалған.

Бірінші болып ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары – Ұлттық ұланның Бас қолбасшысы генерал-майор Аңсаған Балтабеков дауыс берді.

Ұлттық ұлан
Фото: ҚР ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметі

Сондай-ақ, референдум күнімен тұспа-тұс келген туған күн иелеріне және бірінші дауыс берушілерге естелік сыйлықтар берілді.

Айта кетейік, таңғы сағат 07:00-ден бастап Ұлттық ұланның әскери қызметшілері Қазақстан қалаларында қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге жұмылдырылатын болады.

Еске салайық, бүгін қазақстандықтар атом электр станциясын салу мәселесі бойынша жалпыұлттық референдумда дауыс береді.

Республикалық референдум бюллетенінде бір ғана сауал болады:

– Сіз Қазақстанда атом электр станциясын салуға келісесіз бе?

Дауыс беруші жауаптың екі нұсқасының бірін таңдайды:

– «Иә, келісемін» немесе, «Жоқ, келіспеймін».

Өздерінің конституциялық құқығын Корея Республикасындағы Қазақстан азаматтары алғашқылардың бірі болып жүзеге асырды.

Соңғы жаңалықтар