Ұлыбритания жанармай сатуды шектей бастады

АСТАНА. KAZINFORM — Таяу Шығыстағы қақтығысқа байланысты Ұлыбританияда ауыл шаруашылығы техникасы иелеріне жанармай сатуға шектеулер енгізілді, деп хабарлайды БЕЛТА.

Ұлыбритания жанармай сатуды шектей бастады
Фото: Рixabay

Англияның Эссекс графтығы мен Шотландияның кейбір аймақтарында көтерме жеткізушілер фермерлерге қолжетімді дизель отынының мөлшеріне шектеулер қойған.

— Біз нормаланған үлестірудің куәсі болып отырмыз. Көтерме жеткізушілер мүмкіндігінше көп сұранысты қанағаттандыру үшін тапсырыс көлемін қысқартуға мәжбүр болды. Бір фермерге 10 мың литр жеткізудің орнына, олар әр фермерге 2 мың литрден жеткізуге тура келеді, — деді Anglia Farmers компаниясының өкілі Патрик Крехан. 

Дүйсенбі күні Ұлыбритания премьер-министрі Кир Стармер Қауымдар палатасының (парламенттің төменгі палатасы) комитет басшыларының сұрақтарына жауап бере отырып, Таяу Шығыста жалғасып жатқан әскери қимылдарға қарамастан, елдегі энергия ресурстарының жеткізілуіне қатысты «аса алаңдаушылық» сезінбейтінін мәлімдеді.

Ол үкімет жоспар құру кезінде «қақтығыстың белгілі бір уақытқа созылуы мүмкіндігін» ескеретінін атап өтті.

Еске салайық, Таяу Шығыстағы соғыстың салқыны Словенияға да әсер етіп, елде жанармайға шектеу енгізілді.

Соңғы жаңалықтар