Ұлытау облысында қар құрсауынан 11 адам құтқарылды

АСТАНА. KAZINFORM – Жаңаарқа ауданында Жаңаарқа ауылынан 40 шақырым жерде «Қарағанды-Самарка-Атасу-Айнабұлақ» автожолының жабық учаскесінде адамдар мінген 2 жеңіл көлік қар құрсауында қалып қойған. Бұл туралы ТМБ баспасөз қызметі хабарлады.

Ұлытау облысында қар құрсауынан 11 адам құтқарылды
Фото: Видеодан скрин

ТЖМ құтқарушылары боранда, қалың қарлы жолды еңсере отырып, бірнеше ондаған шақырымды жүріп өтіп, Жаңаарқа кентіне 11 адамды, оның ішінде 6 баланы құтқарып, жеткізді.

Құтқарылғандар медициналық көмекке мұқтаж болмады. 

Сонымен қатар Қарағанды облысында қар құрсауынан 5 адам құтқарылды.

Абай ауданында Ақбастау ауылынан 5 шақырым жерде қар құрсауында 3 жеңіл көлік тұрып қалған. Құтқарушылар оларға жетіп, Ақбастау ауылына 5 адамды, оның ішінде 1 баланы жеткізді. Олар да медициналық көмекке мұқтаж болмаған.

Соңғы жаңалықтар