Ұлытау облысында шахтаның опырылуына байланысты үкіметтік комиссия құрылды

АСТАНА. KAZINFORM – Комиссияны Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев басқарды.

Ұлытау облысында шахтаның опырылуына байланысты үкіметтік комиссия құрылды
Фото: ҚР Үкіметі

- Премьер-министр Олжас Бектеновтің тапсырмасы бойынша Ұлытау облысы Жаңаарқа ауданында шахтаның опырылуының себептерін анықтау және зардап шеккендерге көмек көрсету үшіні арнайы комиссия құрылды, - делінген хабарламада.

Комиссияны Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев басқарды. Вице-премьерге мемлекеттік органдар мен ұйымдардың жұмысын үйлестіру үшін оқиға орнына шұғыл бару тапсырылды.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін сағат 16:50-де Ұлытау облысындағы шахтада апат болып, 7 адам төтенше жағдайда қалды.

Оқиға орнына жедел жәрдем бригадалары жөнелтілді. Кабельдердің үзілуіне байланысты жұмысшылармен байланыс жоқ. Шахтада қалған жұмысшылардың тізімі белгілі болды

Соңғы жаңалықтар