Ұлт жоспары: ҮИИДБ аясында Ақтөбеде 3 кластер құру мүмкіндігі қарастырылуда

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Елбасының бес институционалдық реформасын жүзеге асыру бойынша 100 нақты қадамның жартысы - 35-шіден 84-ші қадамға дейін - «Индустрияландыру және экономикалық өсім» бөліміне тиесілі. Бұл түсінікті: экономика кез-келген елдің негізгі бөлігі, әлеуметтік реформалардың жүзеге асуы да соған байланысты. Қазақстанда Үдемелі индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасының алғашқы бес жылдығы өз міндеттерін толық орындады. Аталған бағдарламаның арқасында өндіріс ошақтары жаңғыртылып, құны жоғары ондаған жаңа инвестициялық және экспортқа негізделген өндіріс орындары құрылды.
None
None

Ақтөбе экономикасының дамуы және өндіріске инновациялардың енгізілуі жайында Индустриалдық-инновациялық даму басқармасының басшысы Марат Балмұханов хабарлады:

«Облыста индустрияландыру картасына енген 83 инвестициялық жоба жүзеге асып жатыр. Инвестиция көлемі 691,1 млрд. теңге. Ақтөбедегі пайдалы қазбалардың 340-қа жуық кен орны, дамыған минералдық-шикізаттық базасы және өзге де жағымды факторлары аймақты көш басына шығарып отыр.

Бұл базада тау-кен металлургиялық, мұнай, химиялық өнеркәсіп, құрылыс индустриясы мен ауыл шаруашылығы дамыды. Аймақта 700-ден астам ірі және орта кәсіпорын, сонымен қатар мыңнан астам шағын бизнес кәсіпорны бар. Оның 715-і шетелдік компаниялардың қатысуымен жұмыс істейді. Соңғы он жылда өңірдің өнеркәсіптік өндірісі 3,9 есеге артып, 1212,4 млрд. теңгені құрады.

ҚР Үкіметі жер қойнауын пайдаланушылардың ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарын қаржыландыруды «Алатау» инновациялық технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймағы базасында «TechGarden» коммерциялық емес автономды кластерлі қоры жүзеге асырады деп шешті.

Қазіргі уақытта өңірдің инновациялық және өнеркәсіптік дамуы мақсатында корпоративтік қор түріндегі коммерциялық емес ұйым құру мәселесі қарастырылып жатыр. Ұйым индустриялық аймақтардың құрылуы, бюджеттік емес қаржы есебінен ғылым мен инновацияның даму мәселелерімен айналысады. Қордың негізгі бюджеті жер қойнауын пайдаланушылар ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарына бағыттауға міндетті қаржының 50% құрамақ.

Елдің ғылыми-интеллектуалдық мүмкіндігі ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарына кеткен шығындарымен бағаланады. ҚР ҰЭМ Статистика комитетінің ақпаратынша, 2012 жылы Ақтөбе облысының жер қойнауын пайдаланушылары ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарын қаржыландыруға 1,7 млрд. теңге, 2013 жылы - 3,1 млрд. теңге, 2014 жылы - 2,6 млрд. теңге бағыттаған».

Соңғы жаңалықтар