Ұлт жоспарын орындай отырып, біз өзіміздің Ұлттың Өрлеу Дәуірінің көкжиектерін кеңейтеміз - Н. Назарбаев

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ұлт жоспарын орындай отырып, біз өзіміздің Ұлттың Өрлеу Дәуірінің көкжиектерін кеңейтеміз. Бұл туралы «Ұлт жоспары - қазақстандық арманға бастайтын жол» мақаласында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев мәлім етті.
None
None

«Ұлт жоспарын іс жүзінде жүзеге асыру кезеңі басталды. Ол Жаңғырту жөніндегі ұлттық комиссияның бақылауымен жүретін болады. Барлық мемлекеттік органдардан, қоғамдық институттар мен азаматтардан іс-қимылдың үйлесімділігі, табандылық, креативтілік және қажырлылық талап етіледі. Бізге үлкен жолдан өтуге тура келеді, ол бойынша біз қазір алғашқы 100 қадамды жасаудамыз. Басқа қадамдар да болады, мен оған айна-қатесіз сенімдімін. Эволюциялылық және тұтастай қамтушылық - ширек ғасырлық мерейтойына қадам басып, біздің Тәуелсіздігіміздің тарихын алға бастырып отырған жаңғырту үдерісінің басты қағидаты да осы», - деді Елбасы.

Президенттің атап өтуінше, қазақстандықтардың барлығы жаңғыртудың тек қуатты мемлекет пен Ұлттың топтасқандығы жағдайында ғана табысты болатынын естен шығармауға тиіс.

«Ол тәртіпке бастауы тиіс. Біріншіден, мемлекеттегі тәртіпке. Екіншіден, барша үшін де міндетті заңдардың қаріпінде бейнеленген бизнестегі барша үшін мөлдір және міндетті ережелерді орнатуға. Үшіншіден, қоғамдық және саяси өмірдегі тәртіп пен келісімге», - деп атап өтті Мемлекет Басшысы.

«Біз көптеген сынақтарға абыройлы төтеп бердік, шынықтық, рухымызды күшейттік. Біз жаңа Қазақстанды - Ұлы Дала Елін құрдық. Ұлт жоспарын орындай отырып, біз өзіміздің Ұлттың Өрлеу Дәуірінің көкжиектерін кеңейтеміз, өзіміз Тәуелсіздік жылдары ішінде қол жеткізген және бізге жаһандық даму берген барлық мүмкіндіктерді пайдаланамыз. Әлемде, сөз жоқ, үшінші әлемнен біріншіге қадам басқан елдердің мысалдары бар. Біз олардың жарқын тәжірибелерін зерттейміз және ескереміз», - деп нақтылады Н.Назарбаев.

Президенттің сөзі бойынша, қазір Қазақстан экономиканың, мемлекет пен қоғам дамуының ең табысты жаһандық модельдерін өлшем ретінде алуда.

«Бүгінде әлемде өзінің жалпыұлттық арманын ұмыт қалудың жүзжылдығынан шыға отырып, әлемнің ең ұлы ұлттарымен бір қатарда тұру тұрғысында бейнелейтіндер кем де кем. Біз Қазақстанның осынау тарихи тағдырына сенеміз. Мен қазақстандықтарды Ұлт жоспарын жүзеге асыруға және реформаларды жүргізуге барынша белсенді қатысуға, олар ашатын мүмкіндіктерді пайдалануға шақырамын. Біз өзіміздің қазақстандық арманымыздың орындалуына және Қазақстанның өркендеуіне сенімді түрде қол жеткізетін боламыз!», - деп түйді сөзін Елбасы.

Соңғы жаңалықтар