Ұлттар лигасы: Германия құрамасы өз алаңында Венгрияны қабылдайды

АСТАНА. KAZINFORM - Бүгін UEFA Ұлттар лигасында бірінші турдың соңғы ойындары өтеді. А лигасында өнер көрсететін Германия құрамасы өз алаңында Венгрияны қабылдайды. Ойын Астана уақытпен 23:15-те басталады.

Ұлттар лигасы
Фото: ҚФФ

Сондай-ақ дәл сол уақытта аталған топта Нидерланд пен Босния құрамалары сынға түседі. Алғашқысы «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетілсе, екінші ойынды сол телеарнаның сайтынан тамашалауға болады.

Ал, 20:30-да В лигасындағы екінші топта Ирландия мен Англия кездесуі белгіленген. Бұл ойынды жанкүйерлер «Qazsport» телеарнасынан көре алады. Аталған топта бүгін Грекия мен Финляндия кездесуі болады.

Айта кетсек, 6 қыркүйекте В лигасындағы үшінші топта сынға түсіп жатқан Қазақстан құрамасы өз алаңында Норвегиямен 0:0 есебімен тең ойнады. Бұл топтағы Словения мен Австрия құрамалары да 1:1 есебіне қанағат білдірді.

Соңғы жаңалықтар