Ұлттар лигасы: Қазақстан әйелдер құрамасының алдағы екі ойыны қай алаңда өтеді
Футболдан Қазақстан әйелдер құрамасының УЕФА Ұлттар лигасы топтық кезеңі аясындағы өз алаңындағы алдағы екі ойыны қай алаңда өтетіні белгілі болды, деп хабарлайды Kazinform.
Қазақстандық футболшылар УЕФА Ұлттар лигасының топтық кезеңінің қорытынды екі ойынында 1 және 5 желтоқсанда Эстония және Армениямен кездеседі.
Екі ойын да «Астана Арена» стадионында өтеді.
Эстонияға қарсы матч 1 желтоқсанда Астана уақытымен 20:00-де басталады.
Ал 5 желтоқсанда Арменияға қарсы матч жоспарланған. Ойынның басталуы – 21:00-де.
Екі кездесуді де Qazsport телеарнасы көрсетеді.
Еске салсақ, төрт турдан кейін Қазақстан құрамасы 5 ұпаймен үшінші орында келе жатыр. Бұған дейін ел құрамасы Эстония (0:0), Армения (2:1) және Израильге (0:2, 0:0) қарсы ойнады.