Ұлттар лигасы: Бірінші кезеңде Қазақстан мен Беларусь тең түсіп жатыр

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін UEFA Ұлттар лигасының екінші турында Қазақстан құрамасы өз алаңында Беларусьты қабылдауда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Дәл қазір бірінші кезең аяқталды. Екі құрама бір-бірінің қақпасынан саңылау таба алған жоқ. Бірінші кезең есебі - 0:0.

Естеріңізге сала кетелік, Беларусь құрамасы қазақстандық жанкүйерлерге жақсы таныс. Екі құрама бұған дейін үш мәрте жасыл алаңда кездескен. Алғашқыда олардың жолы 2010 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу сатысында түйісті. 2009 жылдың 1 сәуірінде Алматыда өткен ойында қазақстандық құрама аталған қарсыласына 1:5 есебімен жол берді. Ал сол жылдың 10 қазанында Беларусьтың Брест қаласындағы кездесуде алаң иелері Қазақстан құрамасынан 4:0 есебімен басым түсті. Қазақстандық құрама сол кеткен есені бүгін қайтарады деген сенімдеміз.

Қазақстан құрамасы 4 қыркүйекте сырт алаңда Литваны 2:0 есебімен жеңіп қайтты. Осылайша доп додасын сәтті бастады. Ал Беларусь өз алаңында Албанияға 0:2 есебімен есе жіберді. Турнир кестесінде қазақстандық футболшылар Албания құрамасы екеуі алғашқы екі орынды өзара бөлісіп тұр.


Соңғы жаңалықтар