Ұлттар лигасы: Финалда Испания мен Хорватия кездеседі
АСТАНА. ҚазАқпарат - Испания құрамасы UEFA Ұлттар лигасы финалына берілген екінші жолдамаға ие болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Испаниялық футболшылар жартылай финалда Италия құрамасымен шеберлік байқасты.
Кездесу барысында испаниялық Йереми Пино 3-минутта есеп ашқан еді. Оған 11-минутта италиялық Чиро Иммобиле пенальтиден жауап қайырды.
Ойынның 88-минутында Хоселу соққан гол Испанияға жеңіс алып келді.
Осылайша Испания қарсыласынан 2:1 есебімен басым түсіп, финалға жолдама алды. Енді олар 18 маусымда Хорватиямен бас жүлдені сарапқа салады.
Хорватия жартылай финалда Нидерландты 4:2 есебімен қапы қалдырып кетті.
Сол күні 3-орын үшін ойында Италия мен Нидерланд кездеседі.
Айта кетсек, Ұлттар лигасында 2019 жылы Португалия, 2021 жылы Франция чемпион атанды.
Еске салсақ, Қазақстан құрамасы В дивизионына жолдамаға қол жеткізді.