Ұлттар лигасы: Хорватия құрамасы финалға жолдама алды

АСТАНА. ҚазАқпарат – Футболдан Хорватия құрамасы UEFA Ұлттар лигасы финалына берілген алғашқы жолдамаға ие болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұлттар лигасы: Хорватия құрамасы финалға жолдама алды

Хорватиялық футболшылар жартылай финалда Нидерланд құрамасымен шеберлік байқасты.

Ойынның негізгі кезеңінде құрамалар 2:2 есебіне қанағат білдірді.

Нидерланд сапынан Дониэлл Мален – 34, Ноа Ланг 96-минутта мергендік танытса, оған хорватиялық Андрей Крамарич – 55, Марио Пашалич 72-минутта екі голмен жауап қайырды.

Ал қосымша кезеңде Бруно Петкович – 98, Лука Модрич 116-минутта пенальтиден соққан голы қорытынды есепті белгіледі.

Осылайша, Хорватия қарсыласынан 4:2 есебімен басым түсіп, финалға шықты.

Енді маусымның 15-нен 16-на қараған түні Испания мен Италия жартылай финал ойынын өткізеді.

Ал үшінші орын үшін ойын мен финал 18 маусымға белгіленген.