Ұлттық құзырет орталығы құрылады

АСТАНА. KAZINFORM – Елордада ұлттық құзырет орталығы құрылады. Бұл туралы Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мәлім етті.

Ғани Бейсенбаев
Фото: Солтан Жексенбеков / Kazinform
WorldSkills
Фото: Солтан Жексенбеков / Kazinform

«Жұмысшы мамандықтар жылы іс-шаралар өткізу жылы ғана емес, кәсіптік техникалық білім беру саласына дем беретін мемлекеттік тапсырмалар мен стратегиялардың шешімі. Премьер-министр Ұлттық құзырет орталығын құру туралы ұсынысты қолдады. Орталық Астана қаласында болады, дегенмен өңірлерде аймақтық филиалы болады деп ойлаймын», - деді Ғани Бейсембаев «WorldSkills Kazakhstan 2024» республикалық чемпионаты жеңімпаздарын марапаттау сәтінде.

WorldSkills чемпионатына қатысты тағы бір жаңалығын жариялады.

WorldSkills
Фото: Солтан Жексенбеков / Kazinform

«WorldSkills чемпионатынан бөлек, AsiaSkills, EuropeSkills чемпионаты бар, келер жұмысшы мамандықтары жылын TurksSkills халықаралық чемпионаты қорытындылайды. Штаб пәтері Қазақстанда болады. Соңғы үш жылда біз жақсы нәтиже көрсетіп келеміз, Парижде өткен EuropeSkills чемпионатында күміс, қола медаль ұтып алдық, әлемдік чемпионатта 6 медаль бұйырды, енді Данияда өтетін чемпионатта алтын, күміс, қола медаль алып келуге жазсын», - дейді ол.

Айта кетейік, бүгін Астанада Оқу-ағарту министрлігінің ұйытқы болуымен өткен «WorldSkills Kazakhstan 2024» республикалық жұмысшы мамандықтар чемпионатының жеңімпаздарын марапаттау салтанатты шарасы өтті.

WorldSkills
Фото: Солтан Жексенбеков / Kazinform

Еске салсақ, бұған дейін Үкімет басшысы Олжас Бектенов WorldSkills Kazakhstan кәсіби-техникалық дағдылар чемпионатының қатысушыларымен кездескен еді.

 

Соңғы жаңалықтар