Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының орынбасары ұсталды – ІІМ

АСТАНА. KAZINFORM – Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының орынбасары ұсталды. Бұл ақпаратты Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Шыңғыс Әлекешев растады.

ҚР ІІМ
Фото: ҚР ІІМ баспасөз қызметі

«Ішкі істер министрлігі Ұлттық ұлан Бас қолбасшысы орынбасарының құқыққа қайшы әрекет жасады деген күдікпен ұсталғанын растайды. Қазіргі уақытта құзыретті органдар ІІМ-мен бірлесіп, тергеу әрекеттерін жүргізіп жатыр», - делінген хабарламада. 

Сондай-ақ, ведомство ақпаратында сыбайлас жемқорлыққа қатысты төзбеушілік принципі туралы айтылған. 

«Қолданыстағы заңнама шеңберінде объективті және жан-жақты тергеу жүргізіледі», - дейді министрліктен.

Еске салсақ, өткен жылы Ішкі істер министрлігіне Ұлттық ұланның қызметін реттейтін бірқатар құзырет берілген еді

Соңғы жаңалықтар