Ұлттық бірыңғай тестілеудің уақыты кейінге шегеріле ме

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ұлттық бірыңғай тестілеу өзінің мерзімінде өткізіледі деп жоспарланған. ҚР Білім және ғылым вице-министрі Шолпан Каринова онлайн брифингіде осылай мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Брифинг барысында «карантин ұзарып жатса Ұлттық бірыңғай тестілеудің уақыты кейінге шегеріле ме?» деген сауал қойылды.

«Бұл сауалды ата-аналар қойып отыр. Бүгінде бұл бағытта шешім қабылданған жоқ, әлі ертерек. Өйткені санитарлық-эпидемиологиялық жағдай қалай өзгеретіні әзірге беймәлім. Сондықтан жағдайға байланысты Білім және ғылым министрлігі толық ақпаратты беретін болады. Бүгінде Ұлттық бірыңғай тестілеу өзінің мерзімінде өткізіледі деп жоспарланған. Сәйкесінше, басқа өзгерістер енгізілмеді», - деді Ш. Каринова.

Сонымен қатар ол жоғары сынып оқушыларын аттестау мәселесіне де тоқталды.

«Қорытынды аттестауға қатысты, яғни 9-шы және 11-ші сынып оқушыларын аттестауға қатысты ата-аналар сұрап жатыр. Бұл тақырыпқа қатысты қосымша хабарлаймыз. Қазіргі негізгі мақсат - IV тоқсанды қашықтан оқыту», - деді вице-министр.


Соңғы жаңалықтар