11:18, 22 Тамыз 2023 | GMT +5
Ұлттық қауіпсіздік қызметі полициямен бірлесіп, заңсыз көші-қон ұйымдастырушыларды ұстады
АСТАНА. ҚазАқпарат – Қостанай облысында Оңтүстік Азия мемлекеттерінің төрт азаматы үшін заңсыз көші-қон ұйымдастырды деген күдікпен шетелдік азамат ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Күдіктілерді ұстау шарасы 2023 жылғы 13 тамызда ҰҚК Шекара қызметі Қостанай облысы бойынша департаментінің әскери қызметшілері мен ҰҚК департаменті және облыстық полиция қызметкерлерімен бірлесіп жүргізілген.
Қазіргі таңда Қылмыстық кодекстің 394 бабының 1 бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.
«2023 жылдың басынан бері Қостанай облысының аумағында 32 шетелдік ұсталды»,-делінген ҚР ҰҚК баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.