Ұлттық ұлан қызметшілері бастарын қатерге тігіп, жүк көлігін айдап кеткендерді ұстады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Өскеменде Ұлттық ұлан әскери қызметшілері облыс орталығында қоғамдық тәртіпті және қауіпсіздікті сақтау бойынша қызметі барысында қылмыстың ізін суытпай ашты. Бұл туралы агенттікке ҚР Ұлттық ұланның «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметінің жетекшісі Бағдат Амангелді хабарлады
None
None

2017 жылдың 22 сәуірінде сағат 20.40-та Жедел басқару орталығының  байланыс құралдары арқылы жарты сағат бұрын Красин кентінен қала тазалайтын ГАЗ маркалы көлік ұрланғаны туралы бағдар келіп түседі. Ақпаратты алған әскери жасақ көлікті іздестіруге кіріседі.

Шамамен сағат 20.45-те Ұлттық ұланның 5518 әскери бөлімінің әскери жасағы бойынша кезекші Ермахан Манақбаев Новаторов көшесімен келе жатып, тексеру барысында бағдарға сәйкес көліктің өтіп бара жатқанын байқайды. Көлікті көрген ол дереу Өскемен қалалық ІІБ ЖБО кезекшісіне хабар береді. Патруль сарбаздары Еламан Талдыбаев, Владимир Науман, көлік жүргізуші аға сержант Берік Қиялов қызметтік көлікпен оны ұстау шараларын қолға алды.

Әскери жасақ дауыс зорайтқыш арқылы жүргізушіден тоқтауды талап етеді. Алайда заң бұзушы бұған мән бермейді. Содан соң әскери жасақ өз көлігімен жүк көлігінің алдын кес-кестеп бөгейді. Құқық бұзушылар соған қарамастан қызметтік көлікті соғып, машинаға елеулі зақым келтіреді. Абырой болғанда, ешкім зардап шекпеді.

Әскери жасақ заң бұзушыларды ұстап, жол-патруль полициясы қызметкерлеріне тапсырды.

3

4

5

Соңғы жаңалықтар