00:25, 24 Тамыз 2022 | GMT +5
Ұлытау облысы мемлекеттік аудит департаментінің басшысы тағайындалды
ЖЕЗҚАЗҒАН. ҚазАқпарат – Қаржы министрлігі аппаратының келісімі және Ұлытау облысы әкімінің өкімімен Мұхтар Кенешев ішкі мемлекеттік аудит департаментінің басшысы болып тағайындалды. Бұл туралы аталған өңір әкімдігінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Әкімдік дерегінше, Мұхтар Әбділдаұлы 1982 жылы дүниеге келген.
Ол осы уақытқа дейін Ақмола облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті басшысының орынбасары қызметін атқарған.
Бұрын хабарлағанымыздай, Ұлытау облысы мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінің басшысы болып Дастан Хамзин тағайындалған болатын.