Үндістан алғашқы отандық чипін 2025 жылы шығарады
АСТАНА. KAZINFORM — Үндістан 2025 жылы өз өндірісіндегі алғашқы чипті шығарады. Бұл туралы елдің ақпараттық технологиялар министрі Ашвини Вайшнав оңтүстіктегі Хайдарабад қаласында өткен конференцияда мәлімдеді, деп жазады ТАСС.

Оның айтуынша, Үндістан жартылай өткізгіштер нарығында әлемдік деңгейдегі маңызды ойыншы болуға дайын.
— Қазіргі уақытта біз жартылай өткізгіш чиптерін өндіруді бастадық. Біз қазірдің өзінде осындай алты зауыттың құрылысын мақұлдадық. Құрылыстар жүріп жатыр. Үндістанда өндірілген алғашқы чип 2025 жылы шығарылады, — деді ол.
Бұған дейін Үндістан үкіметі елде жартылай өткізгіштер өндірісі саласын дамыту ниеті барын мәлімдеген. Осы мақсатта билік шетелдік компанияларды белсенді түрде тартып жатыр.
Үндістанның электроника саласы қауымдастығының мәліметінше, 2030 жылға қарай елдегі жартылай өткізгіштер нарығының көлемі 100 миллиард доллардан асады.
Айта кетейік, «Болашақ» түлегі шәкірттерімен бірге отандық микрочип жасап шығарғанын хабарлаған едік.