Үндістанда автомобиль жарылысы салдарынан кемінде 8 адам қаза болды
АСТАНА. KAZINFORM — Дүйсенбі күні кешке Нью-Дели қаласында болған автомобиль жарылысы салдарынан кемінде сегіз адам қаза тауып, бірнеше адам ауыр жарақат алып, жергілікті ауруханаға жеткізілді деп хабарлады Синьхуа Aaj Tak телеарнасына сілтеме жасап.
Оқиға ресми түрде расталмады. Жарылыстың себебі белгісіз.
Жарылыс Үндістан астанасындағы тарихи «Қызыл қамал» жанында тұрақта тұрған автокөлікте болды.
Телеарна хабарлауынша, бұл оқиға салдарынан кемінде он адам ауыр жарақат алды.
Жарылыс болған жер сауда-саттық дамыған, адам көп жүретін аудан саналады. Сондай-ақ қайғылы оқиға орнының қасында метро станциясы да бар.
Үндістан астанасында жарылыстан кейін дабыл жарияланды. Қазіргі уақытта оқиғаның себебін анықтау бойынша шаралар қолға алынған.
Бұдан бұрын Үндістанда ғибадатхана маңындағы кептелістен 9 адам көз жұмғанын хабарлаған едік.