ҰОК Ақтөбеде спорт алаңын ашады

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Ұлттық олимпиада комитеті ел өңірінде ашық аспан астында спортпен шұғылдану үшін арнайы спорт алаңдарын ашуды жоспарлауда. Алғашқылердің бірі болып Ақтөбе қаласы таңдалды. Жақында онда street workout спорт аймақтары пайда болады. Бұл туралы ҰОК баспасөз қызметі хабарлады.
None
None

Бұл жұмыс ҚР ҰОК президенті Т. Құлыбаевтың тапсырмасымен жүргізілуде. Комитет өкілдері Ақтөбеде болып, қала басшылығымен кездесті. Алаң орнату орны айқындалды.

Mega-Aktobe маңында үлкен спорт аймағы ашылады, ол орталықтағы  адам көп жиылатын орын. Қалған алаңдар вокзал маңында, өнеркәсіптік аймаққа орналастырылады.

Спорт аймақтарының жалпы алаңы - 1500 шаршы метрден асады. Алаң  street workout үшін арнайы  жабдықтармен жарақталады.

Басты мақсат - балалар мен жастарды дене тәрбиесімен айналысуға  тарту, бұқаралық спортты дамытуға қатысу. Спорт алаңдары әр  жастағы адамдардың денсаулығын нығайтуға тамаша  платформа ретінде ұсынылады.

Еске салсақ, ҚР ҰОК мұндай алаңдарды Астанада ашқан болатын. street workout федерациясының деректеріне сәйкес бүгінде оған 70 000-нан астам қазақстандық қатысып жүр.

Соңғы жаңалықтар