US Open: 19 жастағы теннисші жеңімпаз атанды

Дүниежүзілік рейтингте 6-орында тұрған К.Гауфф финалда әлемнің 2-ракеткасы, белоруссиялық Арина Соболенкомен кездесті.
Бұл екеуінің де «Үлкен дулыға» турниріндегі екінші финалы еді. Өткен жылы Ролан Гарроста Гауфф Польша өкілі, әлемнің 1-ракеткасы Ига Швентектен 1:6, 3:6 есебімен жеңіліс тапқан еді. Ал Соболенко биыл Аустралия ашық чемпионатында қазақстандық Елена Рыбакинаны ұтқан болатын – 4:6, 6:3, 6:4.
Бұл жолы бірінші партияда Арина 6:2 есебімен басым түсті. Алайда екі сағаттан астам уақытқа созылған матчта сол қарқынын жалғастыра алмай, көп қателесіп, қарсыласына жол берді – 3:6, 2:6.
Осылайша, К.Гауфф өз спорттық жолында алғаш рет «Үлкен дулыға» жарысында жеңіске жетті.
АҚШ ашық чемпионатының қорытындысымен А.Соболенко әлемдік рейтингтің көшін бастайды. К.Гауфф үздік үштікке енеді. Ал Е.Рыбакина төртінші орында қалады.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын теннисші Бейбіт Жұқаев сұхбатында ракетканы алғаш 7 жасында қолға алғанын айтқанын жазған болатынбыз.
Сондай-ақ Новак Джокович «Үлкен дулыға» турнирінің финалына 36 рет шығып, өз рекордын жаңартты.
Анна Данилина АҚШ чемпионы атанды.