US Open: Соня Жиенбаева жасөспірімдер арасында үшінші айналымға шықты
АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстандық теннисші Соня Жиенбаева жасөспірімдер арасында АҚШ ашық чемпионатының үшінші айналымына жолдама алды.

Жарыстың 14-ракеткасы болып тіркелген, WTA рейтингісінде 779-орында тұрған Соня Жиенбаева екінші айналымда америкалық Аланис Хэмилтонды қапы қалдырды.
Қазақстандық теннисші бірінші партияда 6:3 есебімен басым түссе, екіншісінде тай-брейкте табандылық танытты – 7:6 (7:3).
Біршама тартысты өткен бәсеке сағат жарымнан астам уақытқа созылды.
Соня Жиенбаева ширек финалға шығу үшін осы доданың 3-ракеткасы, WTA рейтингісінде 389-сатыдағы тағы бір америкалық Ива Якшичпен таласады.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын теннистен Даниямен ойнайтын Қазақстан құрамасы анықталғанын жазған болатынбыз.
Сондай-ақ Бейбіт Жұқаев Шанхайда камбэк жасап, екінші айналымға өтті.