USAID Мемлекеттік кірістер комитетіне құны 960 мың долларлық компьютерлік серверлер тарту етті
АСТАНА. KAZINFORM – Бүгін АҚШ Халықаралық даму агенттігі (USAID) Мемлекеттік кірістер комитетіне құны 960 мың доллар болатын алдыңғы қатарлы компьютерлік серверлер табыс етті. Бұл сервер еліміздің кедендік инфрақұрылымын жаңғыртуға септігін тигізеді.

«Бүгінгі таңда комитет жаңа кедендік ақпарат жүйесін әзірлеу және енгізу бойынша жұмыс жүргізуде. АҚШ-тың даму агенттігінен алынған жетілдірілген серверлік жабдық осы жаңа жүйенің функционалдығын енгізу, сондай-ақ кеден бекеттерінің жоғары жылдамдықты символын қамтамасыз ету үшін пайдаланылады. Жүйені енгізу арқылы кедендік рәсімдер жеңілдетіледі. Жүйенің үздіксіз және тұрақты жүмысы қамтамасыз етіледі. Ол сыртқы экономикалық мақсатта жүзеге асырады», - деді іс-шара барысында комитет төрағасы Жандос Дүйсембиев.

USAID АҚШ-тың Dell Inc. компаниясының «Keden» IT-кедендік жаңа жүйесін қолдау үшін алдыңғы қатарлы серверлерін жеткізді. Ол өнімділікке кедергі келтірген ескірген «Астана-1» жүйесін алмастырады. Жаңа «Keden» жүйесі автоматтандыру, машиналық оқыту және жасанды интеллектті қолдану арқылы кедендік рәсімдеу уақытын қысқартады және деректер қауіпсіздігін арттырады. Жаңа жүйе болашақта кеңеюге арналған процесстерді ұлғайтуға мүмкіндік береді.

«Инновациялық технологияларды енгізу процестерді оңтайландырады, дәлдікті арттырады, ашықтықты жақсартады және бизнеске қолайлы ортаны қалыптастырады, көбірек инвесторларды тартады және экономикалық өсуді арттырады», - деп атап өтті АҚШ-тың Қазақстандағы Елші Даниэль Розенблум.