USAID өкілдігін жабу қажет — Ел тұрғындары петиция жариялады
АСТАНА. KAZINFORM — Epetition.кz платформасында АҚШ-тың Халықаралық даму агенттігінің (USAID) Қазақстандағы өкілдігін жабуды талап еткен петиция жарияланды.

— USAID-тен грант алатын ұйымдардың қызметін тексеріп, арсыздықты насихаттаумен айналысатын ЛГБТ-ұйымы мен құрылымдарына заңнамалық тыйым енгізу қажет, — деп талап етеді петиция авторлары.
Бұған дейін АҚШ USAID-ты неге тарататынын жазған болатынбыз.
Жақында ҚР Сауда және интеграция вице-министрі Қайрат Төребаев Мәжіліс кулуарында АҚШ Халықаралық даму агенттігінің жұмысын тоқтатуы Қазақстанда басталып кеткен жобаларға қалай әсер етіп жатқаны туралы пікір білдірді.
Ал Мәжіліс депутаты Магеррам Магеррамов елімізге шетелдік демеушілер бөлетін қаржыға аудит жүргізіп, барлық есеп-қисабын халыққа жариялау керек деп отыр.