Үш қала үстел теннисінен Қазақстан ашық чемпионатының қорытынды турын қабылдайды

АСТАНА. KAZINFORM – 19–21 желтоқсан аралығында үстел теннисінен Қазақстанның ашық командалық чемпионатының шешуші турының матчтары өтеді.

теннис
Фото: ҚР ҰОК

ҚР ҰОК мәліметінше, ойындар Астана, Алматы және Павлодар қалаларында ұйымдастырылады. Нәтижесінде 2, 3, 4, 5 және 6-лигалардағы жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталады.

Қазір лигалардағы көшбасшылар төмендегідей:

2-лига, Павлодар

1-орын — Қарағанды-2

2-орын — Қарағанды-3

3-орын — «Сұңқар» (Шымкент)

3-лига, Павлодар

1-орын — ШҚО-1 (Өскемен)

2-орын — SaryArka (Астана)

3-орын — Deaf (Қостанай)

4-лига, Астана

1-орын — Түркістан

2-орын — Almaty (Алматы)

3-орын — Altay Pro-2 (Өскемен)

5-лига, Астана

1-орын — Қостанай

2-орын — Stiga (Алматы)

3-орын — Shymkent (Шымкент)

6-лига, Алматы

1-орын — «CNPC Ақтөбемұнайгаз»

2-орын — ШҚО-2 (Өскемен)

3-орын — «Яссы» (Түркістан)

Айта кетейік, волейболдан Қазақстан кубогының финалына шыққан командалар белгілі болды.

Соңғы жаңалықтар