07:30, 02 Қыркүйек 2025 | GMT +5
Үш қалада ауа ластанады
АСТАНА. KAZINFORM – Бүгін Қазақстанның үш қаласында жайсыз меторологиялық жағдайлар қалыптасып, ауа ластанады, деп хабарлайды Қазгидромет.

- 2025 жылы 2 қыркүйекте Ақтөбе, Алматы, түнде Атырау, Астана қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі, - делінген хабарламада.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.
Осыған дейін Шанхайда аптап ыстық ұзақтығы бойынша жүз жылдық рекорд жаңарғаны туралы жаздық.