Үш облыста жол қозғалысына шектеу қойылды

АСТАНА. KAZINFORM – Халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында ауа райының бұзылуына байланысты 3 облыста жүк және қоғамдық көліктердің қозғалысына шектеу қойылады. Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» ҰҚ» АҚ баспасөз қызметі хабарлады. 

Үш облыста жол қозғалысына шектеу қойылды
Фото: Мухтор Холдорбеков/ Kazinform

Қарағанды облысы:

1. «Қызылорда-Павлодар» автожолының 788-906 шақырым аралығы, Ұлытау облысының шекарасы — Топар ауылы.

2. «Қызылорда-Павлодар» автожолының 970-1135 шақырым аралығы, Қарағанды қаласы — Павлодар облысының шекарасы.

3. «Қарағанды-Аягөз-Боғаз» автожолының 17-217 шақырым аралығы, Қарағанды қаласы — Қарқаралы қаласы.

Ұлытау облысы:

1. «Қызылорда-Павлодар» автожолының 756-788 шақырым аралығы, Жаңаарқа ауылы — Қарағанды облысының шекарасы.

Павлодар облысы:

1. Қызылорда-Павлодар» автожолының 1135-1206 шақырым аралығы, Қарағанды облысының шекарасы — Шідерті ауылы.

Айта кетейік, жолды 2 желтоқсан күні сағат 08:00-де ашу жоспарланып отыр. 

Еске сала кетейік, бұған дейін Жетісуда ауа райының қолайсыздығына байланысты Үшарал-Достық автожолы жабылғанын жазған едік. 

Соңғы жаңалықтар