Үш облыстағы республикалық маңызы бар жолдарда көлік қозғалысы шектелді

АСТАНА. KAZINFORM - 25 наурыз сағат 18:00 жағдай бойынша еріген қар суларынан 3 облыстағы 3 республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында көлік қозғалысына шектеу қойылды.  

Үш облыстағы республикалық маңызы бар жолдарда көлік қозғалысы шектелді
Фото: Көлік министрлігінің баспасөз қызметі

«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясының мәліметінше қазіргі уақытта төмендегі республикалық автожолда қозғалысқа шектеу енгізілді:

Ақтөбе облысы:

- «Қандыағаш - Ембі- Шалқар - Ырғыз» автожолының 3-92 шақырым аралығы (Қандыағаш қаласы - Ембі қаласы).

Қостанай облысы:

- Қазақстан мен Ресей арасындағы бейтарап территориядағы Мариновка ауылына жақын аймақта (РФ шекарасы).

Солтүстік Қазақстан облысы:

- «Петропавл қаласының айналма жолы» автожолының 4-7 шақырымы аралығында (Қожаберген жырау айналма жолынан Есіл өзені арқылы өтетін көпірге дейін).

Айта кетейік, қазіргі таңда республикалық жолдарды күтіп-ұстауға 260 арнайы техника мен 574 маман жұмылдырылды.

Бұған дейін Қазақстанда 25 наурыз күні қандай жолдар жабылғанын және ашылғанын хабарлаған едік. 

 

Соңғы жаңалықтар