Үш өңірде ауа райына байланысты көлік қозғалысына шектеу қойылды
АСТАНА. KAZINFORM — Ақтөбе, Қызылорда және Атырау облыстарында ауа райының күрт нашарлауына байланысты республикалық маңызы бар трассалар жабылды, деп хабарлайды «ҚазАвтоЖол» ҰК.
2025 жылғы 18 желтоқсан сағат 01:00–01:20-да ауа райының бұзылуына байланысты жүк және қоғамдық көлік түрлері қозғалысына шектеу қойылады.
Ақтөбе облысы:
— «РФ шекарасы — Мәртөк — Ақтөбе — Қарабұтақ — Қызылорда — Шымкент — Тараз — Қордай — Алматы — Қорғас — ҚХР шекарасы» автожолының 776-1240 шақырым аралығы (Эко Ойл жанармай стансасы — Қызылорда облысының шекарасына дейін);
— «Ақтөбе-Қандыағаш-Доссор-Атырау-РФ шекарасы» автожолының 104-337 шақырым аралығындағы учаскесінде (Қандыағаш қаласынан Атырау облысы шекарасына дейін);
Қызылорда облысы:
— «РФ шекарасы — Мәртөк — Ақтөбе — Қарабұтақ — Қызылорда — Шымкент — Тараз — Қордай — Алматы — Қорғас — ҚХР шекарасы» автожолының 1240-1362 шақырым арылығы (Ақтөбе облысы шекарасынан Арал қаласына дейін);
Атырау облысы:
— «Ақтөбе-Қандыағаш-Доссор-Атырау-РФ шекарасы» автожолының 337-346 шақырым аралығындағы учаскесінде (Ақтөбе облысы шекарасынан Сағыз ауылына дейін) жүк және қоғамдық көлік түрлері қозғалысына шектеу қойылады.
Айта кетейік, жолды 2025 жылғы 18 желтоқсан сағат 09:00–де ашу жоспарланған.
Бұған дейін ШҚО-да жасанды жолмен қар көшкінін түсіруге байланысты жол жабылатынын жазғанбыз.