Ұшақ апаты. Алдағы күндері Астанаға «қара жәшіктен» алынған материалдар жеткізіледі

АСТАНА. KAZINFORM — Елге жеткізілгеннен кейін сарапшылар борттық өздігінен жазғыштардан алынған деректерді дереу зерделеуге кіріседі, деп хабарлайды Көлік министрлігі.

Ұшақ апаты: Комиссия қара жәшіктерді CENIPA-ға жіберу туралы шешім қабылдады
Фото: Видеодан алынған скриншот

— Алдағы күндері Астанаға авиациялық оқиғаны тергеу жөніндегі комиссия мүшелерінің борттық өздігінен жазғыштардан (қара жәшіктерден) алынған материалдармен келуі күтілуде. Келген соң сарапшылар борттық өздігінен жазғыштардан алынған деректерді дереу зерделеуге кіріседі, — делінген министрлік таратқан ақпаратта.

Еске салсақ, 25 желтоқсанда Ақтауда Azerbaijan Airlines ұшағы апатқа ұшырады.

Ұшақ бортында 67 адам, оның ішінде бес экипаж мүшесі болған. Оқиға салдарынан 38 жолаушы қаза тапты. Өкінішке қарай, мерт болған жандардың арасында 6 Қазақстан азаматы болған.

Бұған дейін Ақтау түбіндегі ұшақ апатының себептері қашан нақты айтылатыны белгілі болған еді.

30 желтоқсанда Қазақстан борттағы өздігінен жазғыш құралдарды Бразилияға жібергенін жаздық.

Осыған дейін «қара жәшіктің» Бразилияға неліктен жіберілетіндігі туралы сарапшылардың пікірін берген едік.

Сондай-ақ, «қара жәшікті» оқуға неше күн кететіні туралы авиация инженерінің жауабын жарияладық.

Бұдан бөлек, Ақтау түбінде құлаған әзербайжандық ұшақтың эксклюзивті суреттері жарияланды.

Бұған дейін Бразилияның авиациялық оқиғаларды тергеу және алдын алу орталығы Azerbaijan Airlines (AZAL) компаниясы ұшағының өздігінен жазғыш құралдарын (қара жәшіктер) зерттеуді аяқтағаны хабарланды.

Соңғы жаңалықтар